«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

«Мен жастарға сенемін»

«Мен жастарға сенемін»

поэтикалық баттл

Биыл Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына байланысты« Мен жастарға сенемін» атты поэтикалық баттл өтті. Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында - ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді.Мағжан Жұмабаев – бірнеше көркем поэма жазған құлашы кең эпик ақын. Ол өз заманының толғауы күрделі жайларын халқының өткен тарихын жырлау арқылы көрсетуге ұмтылды. Ақын – қазақ поэзиясында жарқын жырларымен от шашып, өшпес із қалдырған тұлға. Көркем сөзбен көрікті өлеңдерді әдебиетіміздің әлеміне сыйлаған ерекше жан. Бүгінгі поэтикалық баттлда оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінен жарысты. Баттлға 11оқушы қатысып, катысушылар ақынның өлеңдерін жаттап, мәнерлеп оқып, қазылар алқасын таң қалдыра білді. Қазылар алқасының шешімі бойынша
I орын - Жуаныш Айару
II орын - Жылқыбай Диляра
III орын - Серік Дария иеленіп, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапаталды.

#obkkarazhal

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово