«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-сі

Қазіргі уақытта кітапхана жүйесі 5 кітапханадан тұрады:
- № 3 филиал;
- № 4 филиал;
- № 12 филиал;
- Балалар кітапханасы;
- С.Сейфуллин атыңдағы қалалық кітапхана
Кітапхана қоры – 158 238 дана кітапты құрайды,
мемлекеттік тілде – 62 695 дана.
Жыл сайын кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылып отырады.
Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау үшін «Коворкинг орталығы» жұмыс істейді.
Оқырмандар арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау мақсатында Орталық қалалық кітапханада «Парасат жолы» орталығы ашылды.
Кітапхана сайтында кітапханалардың жұмысы туралы ақпарат жарияланады, сондай-ақ пайдаланушыларға арналған онлайн қызметтер ұсынылған: кітаптарды ұзарту және Виртуалды анықтама.
Әлеуметтік желілер белсенді қолданылады: Instagram, Facebook және ВКонтакте. Әлеуметтік желілерде кітапхана қорын жарнамалау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Онлайн іс-шаралар Instagram платформасында өткізіледі.
Кітапханаларда «Жалын» поэтикалық клубы, «Mi English Club», «Karajal Book Club» және «Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс істейді.


Аймақтық өлкетануды дамыта отырып, кітапхана өлкетану білімдері мен кітаптарды белсенді дәріптеу жұмысын жүргізеді.
Кітапханада жеке тұлғаның дамуына, білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге, мәдени іс-шаралар мен бос уақытты өткізуге жағдай жасалынады.
