Әлемдік нарықтағы дағдарысқа қарамастан, Қаражал қаласының аймағында ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Атап айтсақ, Қаражал қаласы бойынша индустрияландыру Картасына бір жоба қосылған "Баритті кендерді қайта өңдеу бойынша өндірістік кешен " қуаттылығы жылына 200 000 тоннадай өнімдерін өндіреді, өтінім беруші ЖШС «Karazhal Operating» болып табылады.
Жоба «Halliburton InternationaI Inc» танымал американдық компаниясымен бірлесіп, жүзеге асырылды, ол мұнай-газ саласына сервистік қызметтер көрсету бойынша көшбасшы болып табылады. 100 жұмыс орын ашылуы жоспаланып отыр. Жобалық қуатқа шығу 2017 жылға жоспарлануда.
Жобаның құны 6 млрд. теңге.
Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы нарығын баритті ұнтақ ретінде өз өнімімен қамтамасыз етеді, ол бұрғылау ерітінділерін қамтамасыз ету үшін ауырлатқыш ретінде пайдаланылады, үлкен тереңдікті мұнай-газ өңірлерінде үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін.
Бұл үшін ЖШС" Karazhal Operating" Компаниясы баритті кенді қайта өңдеу, ұсақтау және тазалау үшін, толығымен автоматтандырылған зауыт салынды.
Жобалаушылар, зауыттың жабдықтардың дайындаушы және технологиялық желілерінің "MOUAT" (АҚШ) компаниясы болып табылады, 40 жылдан астам тәжірибесі бар және жобалау мен өндіру, қайта өңдейтін жабдықтарының меншікті әзірлемелері бар.
Жобаның іске асырылуы 11 желтоқсан 2015 жылы мемлекет басшысы Н.А.Назарбаев қатысуымен Жалпыұлттық телекөпір барысында өткен.
Келесі жоба Байыту фабрикасының құрылысы «Жәйрем полиметаллдары» қайта өндеу рудалы кенорны қуаттылығы жылына 5,0 млн. тонна, қазіргі уақытта кен-байыту фабрикасының құрылысы Қарағанды облысының 2015-2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілүде.
Жобаның мақсаты Жәйремнің полиметалдық бағытын дамыту, «Жәйрем полиметаллдары» жобасы бойынша жаңа құрылыс, байыту фабрикасының жаңа қорғасын және мырыш кендері концентраттарын өндіру.
Әрекеттегі кәсіпорынның жаңғыртуының қаржыландырылуы 100% қарыз қаражатты тарту есебінен Clencore (Швейцария) аналық компания арқылы 100 млрд. теңге мөлшерінде жүзеге асырылатын болады.
Жаңа мамандықтар құруы, 630 жұмыс орын сақталуы жоспарланып отыр.
Жобалық қуатқа шығу 2021 жылға жоспарланып отыр.
Осы жобаны іске асыру қорғасын-мырыш кенін алумен қорғасын және мырыш концентраттарын өңдеуге мүмкіндік береді.
Қорғасын және мырыш концентратының болашақ клиенттері "Казцинк" ЖШС металлургиялық зауыттар және және ҚХР металлургиялық зауыттары болып табылады.
Тауарлық өнімді өткізу бүкіл әлем бойынша дилерлік желі дамыған және түрлі-түсті металдар өнімді өткізу бойынша тәжірибесі мол Glencore (Швейцария) аналық компаниясы арқылы жүргізіледі.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы бойынша даму (ҮИИДМБ)
