«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Жылжымалы кітапхана

Кітапты іздеп жүріп оқитын заман тарихта қалып, орнын ғаламтор билеп – төстеген заманда, халықтың кітап оқуға ынтасын арттыруға жаңа әдіс – тәсілдер мен заманауи көзқарас қажет. Нағыз білім қайнарының мәртебесін қайтару мақсатында жылжымалы кітапхана  қызметі қарқынды түірде жүргізіліп отыр. Қазан айында кітапханашылар әр мекемелерге, сауда үйлеріне, зейнеткер оқырмандарымыздың үйлеріне барып,  жаңадан түскен кітаптармен таныстырып, өзіне ұнаған кітаптарын жаздыртып алуға мүмкіндік береді. Халыққа қызмет көрсету бөлімінің кезек күтіп отырған клиенттерін жаңа кітаптармен таныстырып,  бос уақыттарында кітап оқып білім нәрімен сусындай алады, әрі бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Апарған кітаптарымыз қазақ және орыс тіліндегі кітаптар. Жылжымалы кітапхана сол жердің оқырмандарының сұранысы бойынша кітаппен қамтамассыз етеді. Кітапханашылар мекемелермен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды, әр айда уақытылы кітаптарды апарып алмастырып отырады. Сол жердің оқырмандарына жақсы қызықты,  кітапты оқуларына ақыл – кеңес беріп отырады. Егер де сіз кітапханаға келмесеңіз, онда кітапхана сізге барады.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово