
№12 филиалда Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар –ел өркендеуінің берік негізі » атты Қазақстан халқына Жолдауын мектеп кітапханашылар мен «Өнер» мектебінің мұғалімдері және №12 кітапхана ұжымының қатысуымен талқылау ұйымдастырылды.
Талқылау кезінде сөз алған Д.Альжаппарова , Абильдина А Жолдауда әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөліп оның ішінде зейнеақы ,жалақы түрлі жәрдемақы туралы айтылды.
Мемлекет басшысының Жолдауында кітапханашыларды атап айтуы біз үшін үлкен мәртебе және кітапхана ісіне айрықша мән беруі -келешек үшін жасалған игілікті іс екенін айтылды. Мәдениет қызметкерлерінің оның ішінде кітапханашылардың жалақысын жыл сайын 20пайызға көтеру –кітапханашыларға үлкен міндет жүктейді.
