23 сәуір-Бүкіләлемдік кітаптар және авторлық құқық қорғау күніне орай «Жазушы – елдің ардағы» атты тікелей эфирде кездесу өткізілді. Мақсаты халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуға насихаттау,олардың еңбек, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып,оларды әрқашанда ардақтау игі шараларға оқырмандарды көптеп тарту. Сыр – сұхбатымыздың қонағы бірнеше кітаптың авторы , өлкетанушы ,қаламыздың құрметті азаматы Төлеухан Ілиясов .Кездесуге Қаражал қаласының шығармашыл, әдебиетсүйер оқырмандар тікелей эфирге қосылды. Кездесу сұрақ-жауап, пікір алмасу түрінде өтті. Әсерлі кеште оқырмандар ақынның шығармашылығымен, адами болмысымен және рухани әлемімен жақын танысты. Төлеухан Ілиясов кеш соңында оқырмандарға жылы лебізін білдіріп, алған әсерін смайликпен көрсетті.

