10.06.2022 жыл №12 кітапхана – филиалында №30 ЖББОМ – нің бастауыш сынып оқушылары қатысуымен жазғы демалыстарында «Жаздық демалыста – кітап оқы» кітапханаға саяхат жасап келді.
Мақсаты : оқырман –балалардың демалыс уақытын тиімді пайдалану , кітап оқуға қызығушылығын арттыру,кітап оқуға шақыру.
Кітапханашылар оқырман балалрға кітапхана тәртібімен, кітап қорымен , кітапты пайдалану ережесімен таныстырып , сонымен қатар оқырмандарға «Балалар - біздің болашағымыз» және «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, шахмат ,шашки ойындарын ойнап , сүйікті ертегі кейіпкерлердің суреттерін салып ,уақыттарын қызықты өткізді.
