
1954 жылы 2 қантарда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «Қараағаш» селолық округіне қарасты «Жосалы» ауылында дүниеге келген.
1976 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын, тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын «Атасукен» басқармасы «Батыс Қаражал» шахтасында кен шеберлігінен бастап, кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы төрағасына дейінгі қызмет баспалдақтарынан өткен.
Қаражал қалалық мәдениет бөлімінің бастығы, қала әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасары қызметінде болған.
2007 жылдан бері Қаражал қалалық маслихатының депутаты, тексеру комиссисының төрағасы.
2009 жылы ақынның «Арманың аласармасын» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
