«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Жан жылуын сыйлаймыз

Мерекелік кеш

1 Қазан қарттар күніне орай «Жан жылуын сыйлаймыз» атты мерекелік кеш өткізілді. Кештің шымылдығы «Балбөбек» бөбекжайының, «Қызғалдақ» тобының кішкентай бүлдіршіндерінің, Тамшылар биімен ашылды. Салтанатты мерекеде құттықтау сөз  Қаражал қаласының «Орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі» КММ-нің  директоры Тлеухор Жанжұмановаға беріліп, абзал жүректі, кең кеуделі, қадірлі қарттарымыз бен ақжаулықты аналарымызды мерекелерімен құттықтады. Кішкентай бүлдіршіндер ата – әжелеріне өлен шумақтарын, әндерін арнады. Дән – риза болған қарияларымыз ақ батасын берді.Мерекелік  кешімізді танымдық- зияткерлік ойынны мен жалғастырдық. Танымдық- зияткерлік ойынына ақжаулықты  әжелер мен аталар екі топқа бөлініп, белсене  қатысты. Қатысушылар  салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, сырға салу, құда түсу рәсімінен  көрністер көрсетті. Мереке соңында келген қонақтарымыз Алғыс хаттармен марапатталды. Қорыта айтқанда, барлық жасаған сый- сияпатымызға риза болып, алғыстарын білдірді.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово