Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жылда дәстүрге айналып өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Маңызды міндетіміз қамқорлық жасау. «Жанашырлыққа - жан риза» деген екен дана халық қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. №6 мектебінің оқушысы Сембеков Айханға көмек ретінде кітпапхана ұжымы киім-кешек,құрал жабдықтар сатып қамқорлық жасады. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Жаңа оқу жылына жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық қоры әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Жаңалықтар
Жақсылық жасауға асығайық
Қаралды: 2
