14 маусым күні орталық кітапханада "Әкелер күніне" орай "Үздік әке" отбасылық зияткерлік сайыс өтті. Сайыс 7 кезеңнен тұрды: "таныстыру", " мақал-мәтел жалғасын тап", "өз өнері", "сұрақ-жауап", " тәлім-тәрбие және шеберлік", "өз балаңды тап", " спорт". Сайысқа қатысқан әкелер қай кезеңде де өздерінің тапқырлығын, шеберлігін, ептілігін көрсете білді. Сайысқа төрелік еткен Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің әдіскері Дәулетбаева Мөлдір Қуатқызы, "Үздік әке-2023" байқауының жеңімпазы Құспанов Жанат, "Қаражал қаласының ОКЖ" директорының орынбасары Асанова Назира Алимкадировна. Әділқазылар алқасының шешімімен "Үздік әке-2024" номинациясымен бас жүлдені №1 ЖББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Төлегенов Шынболат Абайұлы, "Өнерлі әке" номинациясымен І орынды Мұхаметжанов Ғабит, "Шымыр әке" номинациясымен ІІ орынды Сәдуақасов Алмасхан Батырханұлы жеңіп алды.
Жаңалықтар
«Үздік әке» отбасылық зияткерлік сайысы.
Қаралды: 26
