«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Заңғар жазушы

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген  ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Заңғар жазушы» атты әдеби кеш кітапхана және Нұр Отан партиясының ұйымдастырылумен өтті.

Алғы  сөзді «Нұр Отан» партиясының Қаражал қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары А.К Мауленина бастады. Кешке  Қаражал Тау-Кен техникалық колледжінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Кезек орталық кітапхананың кітапханашысы Ж.Б.Ұзақоваға берілді. Баяндамада М.Әуезовтың өмір баянына, тарихына, шығармашылық еңбектеріне тоқталды. Викториналық сұрақтар қойылды, сұрақтарға колледж студенттері белсенді  қатысып дұрыс жауап бере алды. Кеш соңында кітапханашы кітап көрмеге шолу жасады, шолу барысында  М.Әуезовтың кітаптарына тоқталды атап айтсақ: төрт томдық «Абай жол» романы, елу томдық кітаптары, дисклары және басқа да  көптеген кітаптар туралы айтылды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово