жыр мүшәйра
Бүгін 24.10.2023. Күні балалар кітапханасында 25- қазан Республика күніне орай "Қыран елім - Қазақстан" атты жыр мүшәйра өтті. Жыр мүшәйраның мақсаты: Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастарып отырмыз. Іс - шараға 7 оқушы қатысты. Қатысушылардың өлеңдеріне өз бағасын беру үшін арнайы қазылар алқасы тағайындалды.Қатысушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып, ортаға салды. Іс - шара соңында келген қонақтарымыз мерекеге өздерінің құттықтауларын, жылы лебіздерін білдіріп, ұйымдастырушыларға деген алғыстарын білдірді. Қазылар алқасының шешімі бойынша
I орын - Жарылғасын Естай
IIорын- Төлепбаева Айару
III орын - Жуаныш Айару орындарын иеленді.
