Қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен маусым айының 29 жұлдызында таза ауада "Табиғатты аялайық" танымдық сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты, жастардың табиғатқа деген сезімдерін ояту, таза табиғатты қорғау және пайдалы өсімдіктерді танып білу. Атам қазақ айтқандай, "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"- демекші, адам - табиғаттың ажырамас бөлігін, табиғат пен адам қатар ұғым, адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Іс-шара барысында, адам табиғатты қасиет тұтуы керек екендігі туралы, табиғат тіршіліктің құт - берекесі туралы танымдық сөздер қозғалды. Іс-шараға қатысушыларға пайдалы өсімдіктер туралы кітаптар, өсімдіктердің медицинада қандай пайдасы бар энциклопедиялармен ұсынылып, таныстырылды. Жастар табиғат туралы өз ойларын ортаға салып, табиғатты қорғау, сақтау әр адамның қолында екені туралы пікірлерін айтты. Табиғатты қорғау - өз қолымызда. Осындай белсенділік танытқан үшін "Жасыл ел"жастарына алғысымыз шексіз.
Жаңалықтар
Табиғатты аялайық
Қаралды: 17
