
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 30 жылда қол жеткізген жарқын жетістіктер мен өткен тарихты кемел болашақты қара өлеңнің құдіретімен қалың жұртшылыққа паш ету мақсатында «Тәуелсіздік тұғыры – биікте» атты онлайн жыр мүшәйрасы өткізілді. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының мүшесі жергілікті ақындарымыз,қаламыздың құрметті азаматтары Төлеухан Ілиясов мен Жарқынбай Жетімек, Қаражал қаласының «ОКЖ» «КММ» директорының м.а Окасова Жанар Жүсіпқызы өлеңдердің әділ бағалануына өз үлестерін қосты.Егемендік мерекесі қарсаңында жыр бәйгесі қорытындыланып, жеңімпаздар қазылар алқасы талапкерлердің өлеңдерінің мазмұнына, ой ұтқырлығына, тақырыпты талдап, таразылап, жыр тілінде жеткізе білу қабілетіне ерекше назар аударды.Қазылар алқасының шешімімен «Өз туындылары» номинациясының жеңімпазы Амантай Балшырын Бейсенбайқызы, «Ақын өлеңдерін жүректен жүрекке жеткізу» номинациясының жеңімпазы Сажинова Индира Қанатқызы , «Қазақ ақындарының өлеңдерін үздік орындаған» номинациясының жеңімпазы Қуаңбай Жансұлу жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілңп, қазылар алқасы мүшелері сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтап, өлең жазуға, ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқуға бағыт-бағдар берді. Осылайша, мүшәйра жоғары деңгейде қорытындыланып, жүлдегерлер алғыс арқалап, бағалы сыйлықтарға ие болды.
