Ақпараттық сағат
24 ақпан күні «Парасат жолы орталығында» студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- баршамызға- ортақ міндет!» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді. Ақпараттық сағат барысында сыбайлас жемқорлық тақырыбы барлық уақытта да өзекті екендігіне баса назар аударылды. Сыбайлас жемқорлықты болдырмауды әрбір адам ең алдымен өзінен бастау керек және қоршаған ортадан сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюды талап ету керектігін атап өттіп, Абай «Қара сөздерінде» де сыбайлас жемқорлық мәселелерін көтергені туралы кітапханашылар ақпарат берді. Іс - шара барысында Мемлекттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сембек Мергенбай Ерланұлына сөз беріліп, баяндама тыңдалып, іс-шараға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді, соның ішінде: біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша не істеліп жатыр, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай шаралар қолданылатына тоқтала кетті. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қылмыстарымен күресі және проблемаларын ашатын «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды.
