Әдеби кеш
Қалалық кітапханада ақын, ұлы ойшыл, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жылдығына орай «Шәкәрім шығармашылығы» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: оқырмандарға Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімін жетілдірту, ақын өлеңдерінің идеясын түсіндіру, рухани-адамгершілік қағидалармен танысу. Аталмыш шарада кітапхана оқырмандары Жуаныш Айару мен Серік Дария ойшыл Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, Алибекова Сабина ақынның өмірі жайлы мәліметпен таныстырды. Іс – шараға қатысушылар өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға белсене жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Шара соңыда кітапханашы кітаптарымен таныстырып, оқырмандарымыз кітаптарын жаздыртып алды.
Жаңалықтар
Шәкәрім шығармашылығы
Қаралды: 16
