
2019 жылдың 31 мамыры күні қалалық кітапханада күғын сүргін құрбанадары және С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтың 125 жылдығына арналып «Үш бәйтерек – үш ғұмыр » атты еске алу кеш өтті. Кеш қуғын-сүргін саясатында құрбан болған біздің асыл азамматтарымызды еске алумен ашылды. Бұл кездесу қоғам қайраткерлерінің туындылары мен өмірбаянына арналды. Кеш барысында С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіровтың өмірбаяндары мен шығармашылығынан тұратын слайдтар көрсетілді. Кеш соңында «Сырлы саз» ансамбілінің жетекшісі, жерлесіміз Қаражал қаласы КМҚК «Балалар өнер мектебі» басшысы Рахим Әбдірәсіл Нығманұлы қазақтың қара домбырасымен күй орындады.
