Қазіргі жастарымыз кітап оқудан алшақтап, әлеуметтік желілерге көбірек көңіл бөледі. Бұл шындық. Тек жастар ғана емес, егде жастағы адамдар да біраз уақытын соған жұмсайды. Осы орайда қала тұрғындарын кітап оқуға ынталандыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы кітапхана ұжымы саябақта Ашық аспан астындағы жазғы оқу залын ұйымдастырды. Әр аптаның сейсенбі күні 15.00 – 16.00 аралығында саябақта қала тұрғындарына және қала қонақтарына, жалпы қалың оқырманға арнап жазғы оқу залын ұйымдастырды. Мақсаты: Оқырмандардың бос уақытын яғни демалысын тиімді пайдалануына, жалпы қоғамды кітап оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға қала тұрғындарына ақпарат ұсыну, сонымен қатар қала тұрғындарына кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау. Кез-келген оқырман мұнда кітап оқып, рухани азық ала -алады. Ол үшін келіп, сүйікті кітабыңызды таңдасаңыз болғаны, кітапхана қызметкерлері кітапты ғимараттың ішінде емес, ашық аспан астында оқуға кеңес береді. Әрбір оқырман жүрегіне жақын кітапты таңдап алуына болады. Мұнда түрлі жанрдағы шығармалар бар. Балаларға арналған кітаптарды да табуға болады. Кітап - адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани құндылығы. Саябақта ұйымдастырылатын кітапханамыздың жазғы оқу залына қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды шақырамыз!
Жаңалықтар
Саябақ кітап оқуға шақырады
Қаралды: 4
