Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекет қоғам қайраткері ақын,жазушы Сәкен Сейфуллиннің құрметіне қалалық кітапханада "Сәкен мұрасы-мәңгілік қазына" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы,ақын-жазушы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.
Көрмеге,Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы суреттер ,кітаптар қойылды. Ақын туралы зерттеулер мен мақалалар, энциклопедиялар мен әдеби анықтамалар және хронологиялық кестелер қойылды. "Сәкен тірі, қазақтай елі барда"! "Тар жол, тайғақ кешу," романы, "Сыр сандық"лирикалық өлеңдер жинағы,"Домбыра" өлеңдер жинағы, "Көкшетау" поэмасы,"Ақсақ киік" өлеңі, "Асау тұлпар" өлеңдері -бүгінгі ұрпаққа бағытталған аманат.
