«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы жеңіс!

Previous Next

Орталық кітапханада 9-мамыр "Ұлы Жеңіс " күніне орай "Ұрпақтар ұмытпайтын-Ұлы Жеңіс" атты кітап көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің есімдерін ұлықтау, тағзым ету болып табылады.
Көрмеде сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи көркем әдебиеттер қойылды.
Сонымениқатар, көрмеде қазақ жауынгерлерінің ерлік істері баяндалады, атап айтсақ партизан-жазушы Қасым Қайсенов,Совет Одағының батыры Бауыржан Мұмышұлы, екі мәрте батыр атағын алған ұшқыш Талғат Бегельдинов, ұшқыш-жауынгер Хиуаз Доспанова, Мәншүк Мәметова және тағы да көптеген жауынгерлердің ерліктері ұлықталды.
Биылғы жылы 100 жыл толып отырған мерейгерлерімізді де атап өткіміз келеді. Қазақтың батыр-мерген қызы- Әлия Молдағұлова, Рейхстагқа ту- тіккен Рақымжан Қошқарбаев, алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов.
Көрмеде, Ұлы Отан соғысы оқиғалары, қазақстандықтардың жалпы Жеңіске қосқан үлесі, олардың фашистер басып алған аумақтарды азат етуге қатысқан ұрыстары, тылдағы адамдар өмірінің қиындығы және т.б. туралы материалдар қойылды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово