
4-маусым Қ.Р.Мемлекеттік Рәміздер күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері қалалық орталық алаңға шығып «Қ.Р Рәміздеріне – 25 жыл» атты кітапханалық десант өткізді.
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру.
25-жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері – Ту, Елтаңба және Гимніміз бекітілді. Осынау атаулы күн жас мемлекеттің басты мерекелерінің біріне айналды.
Мемлекет басшысының «Мемлекеттік Рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді. Біздің ұлы әрі мазмұны бай рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Гимніміз бар» деген сөзінің мағынасы терең. Қаражал қаласыңдағы Даңқ аллеясының алдында Қ.Р Рәміздерінің 25-жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік жиынға жиналған қала тұрғындарына кітапханашылар «Қ.Р Рәміздеріне – 25 жыл» атты буклеттер таратты.
Барша оқырмандарымызды Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтай отыра, көк туымыз мәңгі желбіреп, бейбітшілігіміз нығая берсін!!!
