отбасылық сайыс
Еліміздің Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күнін Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді. Осыған орай бүгін балалар кітапханасында "Отбасы - алтын діңгек" атты байқау ұйымдастырылды, байқау 5 кезеңнен тұрды.
Іс - шараға 4 отбасы қатысты, әр отбасы әр кезең сайын өздерінің әр түрлі қырларын көрсетіп, бірінен - бірі озып шықты. Қазылар алқасының шешімі бойынша -
I орын - Айтжановтар отбасы
II орын - Мұхтаровтар отбасы
III орын - Жылқыбаевтар отбасы
және ынталандыру номинациясын Болатовтар отбасы
иеленді.
Байқау соңында қатысушы отбасыларға мадақтамалармен бағалы сыйлықтар беріліп, барлық қатысушы отбасылар бір - бірлерін құттықтап жылы лебіздерін білдіріп, жақсы көңіл күйде тарқасты.
#obkkarazhal
