Жазу байқау
Қалалық кітапханада 25 қазан- Республика күніне орай "Менің арманымдағы-Қазақстан"атты эссе жазу байқауы өтті. Жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына деген адалдық пен оның болашағына жауапкершілік сезімін оятуға , өзі армандаған Қазақстан қандай болу керек екендігіне бағытталған байқау.
Жастарды Отанға деген адалдық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқау өз мәресіне жетіп, байқаудың жеңімпаздары анықталды.
|-Жұмабай Меруерт
||-Қадырбек Айым
|||-Бейсекеев Әділ
Эссе байқауының жеңімпаздарын құттықтай отыра оқуда табыс, шығармашылық шабыт тілейміз.
