«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты А.С.Ким, «Қаражал қаласының құрметті азаматы», «Білім саласының ардагері», ел ағасы Р.Сатанов ақсақал, «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт» бөлімінің бас маманы Манара Ерболатқызы, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері М.Қ.Иманберлина, Л.Н.Дүйсенбекова, А.М.Әбілхан, мектеп психологы, қазақ тілін жетік меңгерген Т.Р.Зверева қатысты. Дөңгелек үстелде қазақ тілінің бүгінгі таңдағы ахуалы, мемлекеттік тілді насихаттауға байланысты өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы айтылды. Сонымен қатар қонақтар тілге байланысты нақыл сөздердің мағынасын ашып, сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, келген қонақтарға таныстырылды. Іс-шараға қатысқан қонақтар ризашылықтарын білдірді.
Жаңалықтар
Мемлекеттік тіл – менің тілім.
Қаралды: 33
