
4 маусым Қ.Р.Мемлекеттік Рәміздер күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері қалалық орталық алаңға шығып «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік белгілері» атты кітапханалық десант өткізді. Мақсаты: Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру.
