
№12 кітапхана филиалы 5 қыркүйек – Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақстан халқы тілдер күніне арналған «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» атты портрет кеші өткізілді. Портрет кешіне №10 ЖББОМ 6 «Б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Н.Н.Амантаева , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.Ж.Жамбекова, логопед Ж.Ә.Ыдырысбайқызы қатысты. Портрет кешінде ұлт көсемі , қазақ тілінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың өміріне шолу жасап, еңбектерімен таныстырып кеңінен ақпарат берілді. Кеш барысында оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқыды. Кеш соңында «Мемлекеттік тіл – ел тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
