
«Бір ел-бір кітап » акциясы аясында ақын Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ұлтымыздың - ұлы ұстазы» атты жастар арасында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Ақпараттық сағат барысында оқырмандарға ақын шығармашылығы туралы мағлмұат беріліп , оқырмандар ақынның «Қырық мысалынан» мысалдарды оқып өз түсініктерін , өз ойларын ортаға салды. Осы акцияға орай оқырманымыз Төлеген Ляззат Марғұланқызы Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағына арналған буктрейлерін ұсынды.
