15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге отбасы құндылығы, тәлім-тәрбие туралы әдебиеттер қойылып, мерзімді басылым беттеріндегі қажетті деген мағлұматтар қойылып, шолу жасалды. Мақсаты: Оқырмандарға отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол-шағын мемлекет. Отбасы –әлеуметтік қауымдастықтың бір түрі. Ал, отбасы тәрбиесі-ұлттық тәрбиенің негізі. Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ата –ананың міндеті-тәрбиелеу және жақсылықты үйрету, бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз.Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.
Жаңалықтар
Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы
Қаралды: 42
