«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Коворкинг

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңына орай С.Сейфуллин атындағы қалалық орталық кітапханада қаламыз үшін маңызды шара – заман талабына сай Коворкинг орталығының ашылу салтанаты өткізлді. Шараға қала тұрғындары, қаламыздың құрметті азаматтары, Н.В Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері, мекеме басшылары, оқушылар, ұстаздар қатысты. Салтанатты жиынды «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мауленина Айгүл Қулована ашып, қала халқын заманауи орталықтың ашылуын құттықтады. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашылған орталықтың лентасын «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мауленина Айгүл Қулована мен кітапхана ардагері Б.Жаманова қиды. Коворкинг орталығы жаңа заманға сай жабдықталған. Ішінде кітап, газет – журнал оқып, шахмат, дойбы ойнап, түрлі шаралар өткізуге болады. Компьютермен жұмыс жасаймын дегендер үшін ноутбук пен тегін интернет жүйесі қосылған. Бір сөзбен айтқанда жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған. Орталықты аралап көрген қаламыздың құрметті азаматтары, мекеме басшылары жаңа жобаға сәттілік тілеп, қала жастарын осында жиі бас қосып тұруға шақырды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово