Кітапханалық статистика кітапхана жұмысымен байланысты, сандық құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Статистикалық көрсеткіштер, ұзақ мерзімге есептелген, олардың болашақтағы даму үрдісін анықтауға мүмкіндік береді, келешекті жоспарлардын құрастыруы негізі болып табылады.
Абсолюттік бақылау көрсеткіштері
Оқырмандар есебі кітапхана қызметін пайдаланатын оқырмандар санын көрсетеді. Есеп бірлігі ретінде оқырман формулярлары алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 300-ден 500 адамға дейін болу керек (тұратын халықтың саны ескерілуі қажет).
Кітап берілімі есебі оқырмандар оқыған баспасөз өнімдерінің санын көрсетеді.Берілімнің есеп негізі ретінде оқырман формулярында жазылған жазбалар алынады. Берілім бірлігі ретінде кітаптар мен брошюралар, қалың журналдар үшін - дана, ал газеттер мен жұқа түпті журналдар үшін – жинақ саны алынады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі. Бір кітапхана қызметкеріне (ставка) 8 мыңнан 10 мыңға дейін құжат берілімі болу керек.
Келушілер есебі кітапханаға бір күн ішінде келген, күнделікті оқырмандар формулярын санау арқылы жүргізіледі. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.
Көпшілік жұмыстар есебі кітапханада ұйымдастырылатын кітап көрмелерінің, түрлі кештер мен конференциялардың, шолу, әңгімелердің, ауызша журналдар жиынтығынан тұрады. Есеп Жұмыс күнделігінде жүргізіледі.
Салыстырмалы бақылау көрсеткіштер
Оқылымдық бір жыл ішінде бір оқырманға берілген кітаптардың орташа саны. Бір жыл ішінде берілген кітап санын оқырмандар санына бөлу арқылы есептеледі.
