«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Кітап - тарих, шежіре

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге-деп, Абай атамыз айтқандай кітап адамзаттың баға жетпес құндылығы, асыл қазынасы .

Қалалық орталық кітапханамызда «Дүние жүзілік кітап және авторлық құқық»  күніне орай «Кітап-тарих,шежіре» тақырыпта ашық есік өтті.

Іс-шараның мақсаты: кітаптарды насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызы.

Жоспары:4 бөлімнен тұрады.

1.Қалалық орталық кітапхананың шығу тарихы.

2.Кітапханашының  оқырмандарға атқаратын қызметі.

3.Кітапханаға экскурсия жасау арқылы, кітаптарды, кітап көмелерді  таныстыру.

4.Презентация ЭКСПО-2017.

«Оқу инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаған.Егеменді еліміздің жас ұрпақтары тәрбиелі, олардың болашағы баянды әрі өркениетті болуы үшін адамдарды сауатты, терең білімді болуы міндетті. Жастардың білім жолын ашып,олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына көптеген білім ошақтары бар.Сол ошақтың бірі кітапхана.Кітапханамызда «Дүние жүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай іс-шара өтті.Жылы жүзбен мектеп оқушыларын  қарсы алып іс-шараны таныстырудан басталды,  ең алдымен кітапхананың оқырмандарға атқаратын  мақсаттарымен  танысты,қысқаша айта кетсек  демалыс,соның ішінде бос уақытты өткізуде, жеке тұлғаның дамуы, ақпарат, білім салалары бойынша жеке адамзаттарды және топтарды қанағаттандыру үшін материалдар және түрлі құралдар  түрінде ресурстар мен қызматтерді ұсыну болып табылады. Кітапхана әрбір адамға білімге, саналуан идея және  сақтауда маңызды рөл атқарады.   Бүгінгі             «Дүние жүзілік кітаптар күні және авторлық құқық күні » 1995жылы 15-ші қарашада ЮНЕСКО-ның 28-ші сессиясында     «Дүние жүзілік кітап күні  жарияланды» 1996 жылдың 23-ші сәуірінен            «Дүние жүзілік кітап күні және авторлық құқық» жаппай тойлана бастады. Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы.С.Сейфуллин атындағы  қалалық орталықтандырылған кітапхананың тарихына келсек, кітапхана 1968 жылы құрылған, қазіргі таңда  кітапханада : Балалар кітапханасы және құрамына 3 филиал кіреді № 3-ші Ақтай,№12 Жәйрем, №4-ші Шалгинск. Жас оқырмандар кітапхананың ішін аралап экскурсия жасады, кітапхана қорын жинақтау, абенемент, оқырман залдарымен  және кітапханашының  атқаратын қызметімен танысты. Кезек кітап  көрмегеде жетті , кітап көрме белгілі бір мақсатта арнайы іріктеліп, жүйеленіп оқырмандардың оқып танысуы үшін іс-шаралардың көрнекілік насихаттау түріне жатқызылып ұйымдастырылады, оқырмандардың назарында  «Әлем таныған Қазақстан», «Әдебиет күнтізбе 2017»,«Заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезовтың туғанына 120 жыл», «Ата қоныс-алтын мекен»,      «Егеменді елдің жемісі ЭКСПО-2017  », биылғы жылы  «Бір ел-бір кітап» акциясына  ие болған « Алаштың ардақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров және «Алаш орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл » толуына байланысты  кітап көрмелер ұйымдастырылды.Әр көрмеге тоқталып  шолу өткізілді.  Тыңдау барысында  Қ.Р  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан  халқына  жолдауы»  және  тақауда  шыққан  президентіміздің  Болашаққа  бағдар

.Рухани жаңғыру мақаласы  туралы айтылды, алтын мекеніміз Қаражал   кітаптармен танысты,биыл Еліміздегі  тарихқа енген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Астанада  қарқынды өткізу жайлы  оқушылар  өз ой-пікірлерімен бөлісті, кітап туралы мақал-мәтелдер, кітап көрмені шолу кезінде әртүрлі сұрақтарға жауап берді.Іс-шараның соңында  ЭКСПО-2017 видио ролик көрсетілді,буклеттер таратылып жас оқырмандарға кітапхананың мекен жайын, сайтын, блогымен таныстырып оқушыларға ыстық лебізімізбі білдірдік.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово