«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Кезекті жеңіс!

12.02.2022 күні  Жайрем кенті  №12 кітапхананың «Жалын» жас ақындар клубының белсенді мүшелері: Құралай Дәмешкен  Ильяс Болатов , Ақнұр Сембі  ,Шұғыла Мұратхан   Нұр-Сұлтан қаласында

 « Алаш өнер орталығының » ұйымдастыруымен өткізілген «Жұлдызды сәт» өнер байқауында «Көркем сөз» «Арнау » номинациялары бойынша қатысып  өз  бақтарын сынап қайтты.

 Халықаралық өнер байқауына республикамыздың түпкір-түпкірінен Қызылорда ,  Ақтөбе , Маңғыстау , Түркістан  , Қарағанды т.б  облыстарынан  70 - астам  үміткерлері қатысқан өнер додасында «Жүзден жүйрік , мыңнан тұлпардан » оза шауып «Көркем сөз» номинациясында  Құралай Дәмешкен  - жүлделі І орын  иегері атанып диплом мен медальмен марапатталды.

 «Жұлдызды сәт» өнер байқауына қатысу себебіміз    кенттегі талантты балалардың, талантын шыңдап, қанат бітіріп, үлкен өнерге жол ашу.

Нұр-Сұлтан қаласында балалармен ҚР ұлттық академиялық кітапханасына саяхат жасап , кітапхананың балалар кітапханасымен , сирек кітаптар музейін  тамашалап , қазақ халқының атақты тұлғалары М.Жолдасбеков , Ә.Кекілбаев , М.Мақатаев , Ф.Оңғарсыноваға арналған залдарды аралап рухани құндылықтарды көріп жас ұрпақ өздеріне керек тағылымды алды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово