«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Әкем айтқан өсиет, бабадан қалған қасиет

Previous Next

Сайыс

Қаражал қаласының орталық кітапханасында «Парасат жолы орталығында» бата беру дәстүрін дәріптеп, ондағы өнегелікті насихаттау , бата арқылы кейінгі ұрпақтарымызға үлгі болу мақсаты көзделіп «Әкем айтқан өсиет, бабадан қалған қасиет» атты сайыс өткізілді. Салт – дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателспейміз. Сайыс қатысушылары 1- кезең  сайыс шарты бойынша әрбір қатысушы  Жас жұбайларға берілетін бата,  Наурыз батасын, Асқа берілетін бата, Балаға беретін бата беру үлгілерін көрсетті. 2- кезең бойынша  «Салт-дәстүрді білесіз бе?» атты ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтар қойылып, қатысушыларымыз  белсене жауап берді. Іс-шара барысында  ән орындалып, кештің сәнін кіргізген күй де тартылды. Осы кезеңдердің барлығынан сүрінбей өткен қатысушыларымызды әділ-қазылар шешімімен қатысушылар арасынан үздік деп танылып 1 орынға Жарқынбай Жетімек ие болса, ІІ орын  Халыков Дәулет , Нұркеев Ертай , ал ІІІ орын Ибраева Мереке әжемен Рахымбаева Сәруар апаға бұйырды. Әділ-қазы мүшелері  ақсақалдардың данагөйлігі мен әжелердің тапқырлықтарына тәнті болып, оларға сайыстағы белсенділіктері үшін алғыс білдірді. Ізгі шара қортындысында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы  сыйлықтары табыс етіліп, кітапхана қорындағы салт – дәстүрлерге байланысты кітаптар таныстырылды.
Барлық қатысқан аталарымызға кітапхана ұжымның атынан мың алғыс! Ғұмырлы болыңыздар!






Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово