«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

«Келешегі кемел - кенді өлке»

Previous Next

Мүшайра
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойына орай «Келешегі кемел - кенді өлке» атты жазба ақындар мүшайрасы өткізілді. Байқау шарттары бойынша Қаражал - Жәйрем аймақтарының 15 жастан бастап ақындар қатысып, бақ сынасты. Барлық талапкерге тең мүмкіндік берілді. Білікті мамандар мен белгілі ақындардан құралған қазылар алқасы өлеңдердің мазмұнына, тақырыптың тереңдігіне баса мән берді. Келіп-түскен шығармаларды талдай келе қазылар жүлделі І орынды Амантай Балшырын, II орынды Артықбаев Жалғас иеленсе , III орын Еркін Саялы жеңіп алды. Қаражал қаласының жергілікті ақындары Жетімек Жарқынбай мен Төлеухан Ілиясұлы Қаражал қаласының 60- жылдығы мерекесімен құттықтап, байқауға белсене қатысқан жас ақындарды бағалы сыйлықтар мен қатысушыларды алғыс хаттар мен марапаттады. Іс-шара соңында жас ақындар ұйымдастырушыларға арналған арнау тілектерін жыр жолдарымен жеткізді.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово