
Кітапханамызда «Күн астындағы қызықтар» атты тақырыпта кітап көрме ұйымдастырылды.Көрме үш бөліктен тұрады: Күз береке – күз жомарт, жер-ырыс кіндігі, пайдалы, емдік өсімдіктер.
Көрменің мақсаты: Табиғатта болып жатқан алуан түрлі табиғат байлығын танып білу.
Кім болса да өзінің кіндік қаны тамған жері, туған өлкесі, оның табиғат таңғажайыптары, ерекше таулары мен орман-тоғайларымен мақтанатыны рас. Ол жазылмаған заңдылық. Өйткені жер бетіндегі ең сұлу, ең әдемі жер - кез келген адам үшін туған жері, сол туған жер табиғаты, байлығы. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі, сол табиғаттан өсімдіктер, қызыл-жасылды тізілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласының таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Көрмеде бірнеше томдық инциклопедиялар бар, онда пайдалы емдік қасиеті бар шөптер жайлы, таңғажайып өсімдіктер әлемі атты кітаптар, жеміс пен жидек оларды өсіру,өңдеу,сақтау туралы, диқаншыларға арналған кітаптар қойылған. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған, әрбір азамат оларды қорғауға саналы түрде ұғыну керек ,сондықтан кітапхана ұжымы осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын және де осы қызықты кітаптарды өз керегіне пайдалану үшін қызықтап оқуларыңызға кітапханамызға шақырамыз!
