«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ІІІ жалпы республикалық «Кітап тайм-2024» фестивалі аясында көптеген алаңдар ұйымдастырылды. Оқырмандарға «Бізбен бірге оқимыз» атты кітап көрмесі инсталляциясы ұйымдастырылды.«Әдеби библио бар» алаңында викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге кітапханалық ақша берілді. «Әуенді тап» алаңында оқырмандар әуенді орындаушысымен қатар тапқандарға да кітапханалық ақша берілді. «Эмоджи арқылы мақалды тап» алаңында дұрыс тапқандарға кітапханалық ақша берілді. Оқырмандар әуендерге қосылып, ән шырқады. «Библио кафе» алаңында кітапханалық ақшаларына жеңіл тамақтанды. Қолөнер шеберлерімен «Кітапханадағы сән салоны» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесуде шеберлер тоқыма өнерін таныстырып, тоқу түрлерімен таныстырды. Оқырмандарға ұйымдастырылған алаңдар қатты ұнады.
