2016 жылдың ІІ тоқсанында «Фотошоп бағдарлама кітапханашыға көмек ретінде» тақырыбында кітапханашылар қатысуымен шеберлік класс өткізілді. Әдіскер іс-шара барысында кітап көрмелердің атауларын фотошоп бағдарламасының көмегімен тартымды қылып жасауға, осы бағдарламаның құралдарын қалай пайдалану керкек екенің айтып көрсетті. Шеберлік класта мысалы келтіру үшін Ж.Жабаевтың 170 жылдығына арналған кітап көрмеге баннер жасалды. Шеберлік класс кітапханашылар үшін пайдалы болған екені байқалды, олар жұмыстарында пайдалануға болатын ұсыныстар алды. Шеберлік класс кітапханашыларға импульс берді, себебі олар өз жұмыстарында фотошоп бағдарламасын қолданып, берілген кеңестерге жүгініп, көптеген өнімдер жасап шығарды.


