«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

1-Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай  Қаражал қаласындағы С.Сейфуллин  атындағы кітапханамызда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрме ұйымдастырылды.

Кітап көрменің мақсаты:Елбасының туып өскен, оқып білім алғаны туралы, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру,еліне патриоттық сезімдерін ояту,ұлтжандылыққа,халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.

Көрме бірнеше кезеңдерден тұрады.

Елбасының өмірбаяны, отбасы және балалық шағы.

Ерік күші мықты саясаткер.

Еңбектері мен кітаптары.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғанына  биыл 25 жыл толды.Осы уақыт аралығында Қазақстан барша әлемге танылды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен  өркениетті мемлекет қатарына қосылды.Бұл – бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман,тәуелсіздігімізді орнату жолында қиын белестерденхалқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік  қолтаңбасымен көрінген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі.Біздің Елбасымыз-өзінің білім-білігімен,тәжірибесімен,парасатты саясатымен, түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтастықты ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырды.Отанын байлыққа кенелтіп,гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаhанға аты жеткен  мемлекетке айналды.Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді  халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен , бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекет.«Өмірде жүзеге асқан Еуразиялық жобасы» жаңа қала Астананы тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп,болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға,төрт құбыланы түгендеп,кемел ойлы кемеңгер,ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.Көрмеде «Еуразия жүрегінде»«Тәуелсіз  мемлекеттің негізін қалаушы» атты кітаптары, сонымен қатар көптеген жазылған еңбектері қойылды.

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді кітап көрмені тамашалауға шақыра отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз!

Отанымыз тыныш, тұғырымыз биік,  мол табыс, бақ-дәулет, еліміз аман болғай. 

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово