жылдық байқауы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен өткен "Жыл оқырманы"жылдық байқауының 2023жылдың "Ең үздік оқырманы" номинациясымен Хибинская Нина Владимировна және Садуова Бақытжан Жолдасбаевна атты оқырмандарымыз марапатталды.Кітапханаға келіп кітап алу үшін оқырманымыз Нина Владимировна, халықпен жұмыс және әлеуметтік сала, үйде әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің қызметкері Бейсембекова Айнұр Нина апаймен бірге келіп, қолдау көрсетіп кітап алады. "Кітап оқымасам жүре алмаймын, кітапты бала кезімнен оқығанды жақсы көремін ", - деп қарт оқырман әңгімесін бастады. Ауа-райының қолайсыздықтарына қарамай, тіпті кітапханаға келе алмай қалған күндері Нина апайдың үйде көмек көрсететін әлеуметтік қызметкері Айнұр үйге кітап әкеп беретінін айтып, Нина Владимировна ризашылығын білдірді. Кітапхана кітаптарын қызыға да, әрі жылдам оқитын оқырмандарымызды Жаңа-жыл мерекесімен құттықтап, жақсы тілектер айтылды. Үздік оқырмандарға алғыс хат және бағалы сыйлықтар табысталды.
Жаңалықтар
"Ең үздік оқырман" 2023 жыл
Қаралды: 16
