«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ең үздік оқырман - 2022

22 сәуір  күні  Жайрем №12 кітапхана-филиалында  23-сәуір  

Бүкіл дүниежүзілік   кітап  күніне арналған  кенттің №30, №10, №11  мектептерінің  оқырмандары   арасында   «Ең зерделі оқырман – 2022»   сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты : жастарды оқуға тарту, кітаптың құндылығын ұғындырып, дәстүрлі оқуды сақтау және дамыту, кітапхананың мерейін арттыру, үздік оқырманды анықтау.

Кітап  мерекесіне  арналған « Ең  үздік   оқырман»  сайысымыз  4 бөлімнен  тұрды:

1 - бөлім «Озық  ойлы оқырман» сайыскердің өзін-өзі таныстыру

2 - бөлім «Кітап- білім бұлағы, білім – өнер шырағы»  «Нақтылап ата» сайыскер берілген 2 шығарманың авторын атау керек.

3 - бөлім Суретті жұмбақтар: слайд арқылы суреттер беріледі сол суреттердің атауын орысша, қазақша, ағылшынша  айту керек.

4 – бөлім   Үй тапсырмасыСайыскер  өзінің ұнатқан шығармасына «Буктрейлер»жасау.

Сайыс барысында оқырмандар берілген тапсырмаларды орындап, оқырмандар өздері дайындаған бейне материалдарын қорғап , өздері оқыған кітаптары жайлы пікір алмасып , кітап туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.  Сайыста белсенділік танытып , өзінің сүйікті кітабы өзі дайындаған «Буктрейлерін»  ерекше таныстыра білген    №11   ЖББОМ оқырманы   Берденова Назерке «Ең зерделі оқырман»  номинациясымен , өзінің тіл шеберлігін  көрсеткен  №10  ЖББОМ оқырманы  Бектұрсын Мадина   «Ең позитивті оқырман»,  сайыста өзінің   кітап туралы ойын , сүйікті кітабы  бойынша ақын өлеңін жатқа айтқан  оқырманымыз   №30   ЖББОМ атынан қатысқан  Ерғали Ақниет «Ең шығармашыл оқырман»  номинациясын иеленді.  Сайысқа қатысқан оқырмандар мадақтама мен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Сайыс өте тартымды ,қызықты өтті.Көпшілік іс-шара аясында  оқырмандарға ұйымдастырылған  « Түрлі жанрлар» және «Фэнтези әлемі» атты  кітап көрмесі қойылып ,  шолу жасалды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово