«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ең үздік Наурыз бата

Previous Next

Байқау
Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамына орай «Ең үздік Наурыз бата» атты сайыс өткізілді. Бұл сайыста сөйлеу мәдениеті, сөз мәнері, тілдік қорды байыту, сонымен қатар атадан қалған асыл мұраны бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру, ұлттық рухты жаңғырту басты мақсатымыз болды. Бата беру дәстүрінің тәлімдік, тәрбиелік маңызы, оның жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеудегі рөлі ерекше екені айтпаса да түсінікті.Бата беру дәстүрінің тәлімдік, тәрбиелік маңызын және бата берудің түрлерін, шеберлігін арттыратын, ұлттық құн дылықтарымызды дәріптейтін осындай сайыстар керек-ақ. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген халқымыз ежелден әрбір ісін батасыз бастамайтын. Байқауға қала тұрғындары , ақсақалдар мен ел ағалары қатысты. Әр қатысушы өз деңгейінде бата беру ырымын жасады. Қазылар алқасының қортындысы бойынша I-орынды Халыков Дәулет, II-орын Асанбаев Ауданбай , III-орынды Маханов Рымқажы иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово