
№12 кітапхана-филиалы жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа,тәрбиелеу мақсатында :Жайрем кентінің мешітінің бас имамы Абилов Марғулан Балтабайұлының қатысуымен «Дің -тәрбиенің рухани тірегі » атты дөңгелек үстел басындағы кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кент имамы жастарға дін арқылы тазалыққа, имандылыққа, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу туралы насихат айтылды , жастар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып ,өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері «Дің-тәрбиенің рухани тірегі » кітап көрмесіне шолу жасап ,кітап қорына жаңадан түскен әдебиеттер мен оқырмандарды таныстырды. Барлығы 18 оқырман қатысты.
