«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Әдебиет күнтізбесі - 2018

Адам баласының азаттығын, оның бақытын армандаған, оларды жақсылықты сүйе білуге, бірін-бірі құрметтеуге шақырған, қоғам дамуы мен адам өмірінің сырын терең түсінуге бастайтын әдебиет қашанда оқырмандарын табады, оны кейінгі ұрпақ та қызығып оқиды.

Биылғы жылы әдебиет әлемі көптеген мерейтойларға толы. Атап айтсақ 2018 жылы «Қазақ халқының ұлы көсемі- Ахмет Байтұрсыновқа 145 жыл», «Жыр сұлтаны-Сұлтанмахмұт Торайғыровқа-125 жыл», «Терең ойлы сөз маржаны - Мағжан Жұмабаевқа 125 жыл», «Қазақ даласының ұлы - Қалижан Бекхожинге 105 жыл», «Көркем сөздің тарланы – Тәкен Әлімқұловқа-100 жыл», «Әдебиет әлеміндегі шырақ сәуле-Тахауи Ахтановқа 95 жыл», «Балалар ақыны – Музафар Әлімбаевқа 95 жыл», «Алаштың ақиық ақыны - Ғафу Қайырбековке 90 жыл», «Аңыз адам – Шыңғыс Айтыматовқа 90 жыл», «Қазынасын тапқан қаламгер – Әкім Тарази 85 жыл», «Қазақ прозасының мұзтауы – Оралхан Бөкейге - 75 жыл». Қаражал қалалық орталықтандырылған С.Сейфуллин атындағы кітапханасында ақын-жазушылардың мерейтойларына арналып жыл бойы іс–шаралар өткізеді. Іс-шаралардың бастамасы «Әдебиет күнтізбесі - 2018 » дәстүрлі кітап көрмесінен басталды. Мақсаты: Қазақтың ақын- жазушыларының көркем әдебиет саласына қосқан үлестері жайлы насихаттау. Кітап көрме жыл бойы сақталып, жаңадан түскен кітаптармен толықтырылады.

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Сіздер үшін ұйымдастырылған «Әдебиет күнтізбесі - 2018» кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово