Оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру үшін және кітап оқуға баулу, қазақ поэзияларын оқу арқылы білімдерін арттыру, қатысушылардың жаңа қырларын ашу мақсатында жастар арасында
«Әдеби батл» атты поэтикалық онлайн батл ұйымдастырылды. Батл 3 кезеңнен тұрды :
1 - кезең Жайрем кентінің құрылғанына 50 жылдық мерейтойына орай кенші, ақын Садық Асатовтың өлеңдерін оқу
2 - кезең қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев поэзиясын оқу.
3 - кезең Мұхтар Шахановтың өлеңдерін оқу.
Әдеби батл сайысына белсенді қатысып , әлеуметтік желіде көп лүпіл жинаған Хивай Шұға мен Шұғыла , Мусина Арайлым жеңімпаз атанып Қаражал ОКЖ директоры атынан Мадақтама мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
