«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

«Дарабоз күйші» ақпараттық-музыкалық сағат

Жайрем кенті,№12 кітапхана ұйымдастыруымен, домбырашы, күйші композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 195 жылдығына арналған  «Дарабоз күйші» атты  ақпараттық-музыкалық  сағат ұйымдастырылды.

Мақсаты: қазақтың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбайұлының   өмірі мен шығармашылығы жайлы  жас оқырмандарға  таныстырып  мағлұмат беру, күйші жайлы  әдебиеттермен жақын таныстыру.

Музыкалық –ақпараттық сағат өнер мектебінің және оқырманның кіші топтарының арасында  ұйымдастырылды. Көпшілік шарада  кітапханашы күйшінің шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасап, ақпарат беріп, шығармашылық ойын ұйымдастырды.

Шара аясында   өнер мектебінің жас домбырашылары Мұхамеджан  Ерқанат, Қуантаев Жалғас    күйшінің «Саранжап» күйін шерсе, кітапханашы «Саранжап » күйінің шығу тарихымен таныстырды.  Шара соңында Өнер мектебінің оқытушылары мен оқушылары «Балбырауын» күйін  оқырмандарға тарту етті. 

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово