«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Дабылды жырдың даңғылы

Жыр алыбы, ақтангер ақын, барша Алаштың рухы болған  Жамбыл  Жабаевтің туғанына  175 жыл . Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа – тұс келіп отырған осы дүбірлі мерекеге орай  «Дабылды жырдың даңғылы» атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты аты аңызға айналған халық ақыны,жыраулық өнерінің шебері, айтыскер Жамбыл Жабаевтың өмірін, шығармашылығын,ауыз әдебиетінде жүрген көп өлеңдерін, жырларын, термелерін оқушыларға тереңінен жеткізіп,түсіндіру; ақын шығармашылығын дәріптеу; жастарды отансүйгіштікке,эстетикалық және патриоттық тәрбиеге баулу.Кеште ақынның өмірбаяны , өмір жолы  туралы баяндама оқылып, олеңдері оқылды. Кеш сонында кітапханашы Ж.Ұзақова «Жыр- алыбы Жамбыл» тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасады.  Жамбыл жырлары  теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді Жамбыл – жырдың толассыз  бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен  сырласындай , қимасындай  мәңгі бірге жасай береді.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово