Орталық кітапханада, №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының қатысуымен, қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ақын-сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған “Бәкір мұрасы – ұрпаққа аманат” атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Танымдық кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа ақынның өмір жолын, шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның әдебиет пен өнер саласына қосқан мол мұрасын дәріптеу болды.Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері қаламгердің өмірбаянына тоқталып, оның қазақ поэзиясы мен ән өнеріндегі ерекше орны жайлы мазмұнды мәліметтер берді. Оқушыларға ақынның жүрекке жылы тиетін өлеңдері мен халыққа кеңінен танылған әндері таныстырылып, шығармаларының тәрбиелік мәні түсіндірілді. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына сирек кездесетін деректер мен әдебиеттер ұсынылды.Кеш барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармалары туралы өз ойларымен бөлісті. Әдеби-танымдық сұрақтар қойылып, жастардың өнер мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған әсерлі әңгімелер айтылды. Ақын мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу - біздің парызымыз.
Жаңалықтар
Бәкір Тәжібаев 100 жыл
Қаралды: 27
