(Оралхан Бөкей 80 жылдығына орай)
Бүгін 30 маусым қалалық кітапханада есімі дүние жүзіне танымал жазушы, драматург Оралхан Бөкей қаламгеріміздің 80 жылдығына орай "Қазақ прозасының мұзтауы" атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кештің мақсаты Оралхан Бөкей туралы толықтай түсінік бере отырып, жазушының шығармаларымен таныстыру, насихаттау, оқырмандардың ой-өрісін дамытуға, таным белсенділіктерін арттыру, әдеби тілдерін дамыту, өз бетімен өз пікірін айта білуге дамыту. Дарынды жазушы жұртты жалпы қаратқан қолтаңбасымен қазақ әдебиетінен айрықша орын алған, ұлт руханиятын байыта түскен көркем туындылары, шығармалары, дәріптеген құндылықтары туралы баяндама оқылды.Қатысушылар жазушының шығармаларына тоқталып,сұрақтар қою арқылы әдеби кешті көркейте түсті.Жазушы жастар өмірін,олардың арман-мақсаттарын толғаған "Қайдасың, қасқа құлыным","Елең -алаң", Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл өміріне арналған "Бәрі де майдан "повесі, "Біздің жақта қыс ұзақ " повесі тағы да көптеген кітаптарына шолу жүргізілді.
Жаңалықтар
«Қазақ прозасының мұзтауы»
Қаралды: 21
