«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Ата Заң - ардағымыз, айбарымыз

30 тамыз  Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай орталық кітапханада  «Ата Заң –ардағымыз, айбарымыз» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Ата Заңды құрметтеу, халықты Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа шақыру.Кітап көрмеде: Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы заң кітаптары қойылды, барлығы:25кітап.  1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумде қабылданған Конституция –тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздегі азаматтық қоғам мен демократияның дамуының негізгі алғышарты. Ата заңымыз «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сынды ғасырлық тарихы бар дала заңдарынан бастау алады.  Кітап көрмесіне дала заңдары мен қара қылды қақ жарып билік айтқан Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастатқан қазақ даласындағы билер институтының рөлі жайындағы тарихи кітаптар, 1885 жылы Абай төбе би болып сайланған Қарамола съезінде қабылданған заң ережесі, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заң актілері қойылды.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово